Сібірде орман өртінен миллион гектарға жуық алқап жанып жатыр
Ресейдің Сібір өңірінде 1,5 миллион гектар орман алқабы жанып жатыр. Аптап ыстық себеп болған өрт бір апта бұрын басталған. Тұмса табиғатты сақтап қалу үшін жанталасқан бригадалар үлкен аумақты шарпыған жалынды әзірге сөндіре алмай жатыр.
Өрттің негізгі ошақтарының Иркутск облысында, Красноярск өлкесінде, Якутия мен Бурятияда анықталды. Қою түтін мыңдаған шақырымға жайылып, шалғайдағы облыстарға да жеткен. Ал Иркутсктегі екі әуежайға ұшақтардың қонуына тыйым салынды. Тұрғындар қара түтіннен дем алу мүмкін емес деп отыр. Жергілікті ауруханалар қан қысымы көтіріліп, тынысы тарылған науқастарға лық толы. Синоптиктердің болжамынша, Сібірде жексенбіге қарай жел соғып, түтін сейіліп, жағдай біршама жақсаруы мүмкін. 
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14