Мемлекеттік Дума Грузияға қарсы экономикалық шара қолдану туралы бастама көтерді

09.07.2019

Ресей Мемлекеттік думасы үкіметті Грузияға қарсы арнайы экономикалық шара қолдануға шақыратын мәлімдеме қабылдады. Депутаттар бұл санкция мәселесін «Рустави-2» телеарнасының жүргізушісі Георгий Габуния президент Владимир Путинді тілдегеннен кейін көтеріп отыр. Ресей үкіметінің хабарлауынша,  депутаттардың үндеуі мүмкіндігінше тез арада қарастырылады.

 

Мұның алдында Ресейде грузиннің шарабы мен суын импорттауды және Грузияға ақша аударуды тоқтату туралы ұсыныстар айтылды.

 

Мәскеу мен Тбилиси қатынастары маусымның соңында шиеленісті. Оған  ресейлік депутат Сергей Гавриловтың Православия парламентаралық ассамблеясының сессиясын ашарда, грузин парламенті спикерінің орнына отыруы себепші. 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу