Д. Трамп тағы екі штатта жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д. Трамп тағы екі штатта жеңіске жетті

09.03.2016
Д. Трамп тағы екі штатта жеңіске жетті
АҚШ-та өткен алдын-ала сайлауда республикалық партия өкілі Дональд Трамп тағы екі штатта жеңіске жетті.

Ал, оның демократ бәсекелесі Хиллари Клинтон Миссисипиде ұтқанымен, Мичиганда партияласы Берни Сандерстен жеңіліп қалды. Сандерс үшін бұл үлкен жетістік деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары. Құрама Штаттарда екі партияның съездері жазда өтеді. Сол жиында қазіргі праймериздерде көп қолдау тапқан саясаткерлер президенттікке кандидат болып тағайындалады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу