Жапонияның Осакасында «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Осакасында «Үлкен жиырмалық» елдері басшыларының саммиті басталды

28.06.2019

Оған АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан тәрізді алып державалардың жетекшілері қатысып жатыр. Кездесу алдында лидерлер суретке түсіп, сол рәсім барысында Америка президенті Дональд Трамп қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен қол алысып амандасты. Айта кетсек, бұл мемлекеттер қазір бір-бірімен сауда соғысын жүргізіп жатқаны белгілі.

 

Ақ үй қожайыны мәлімдегендей, екіжақты экономикалық даулар - ол үшін осы саммиттегі негізгі тақырып. Болжамдарға қарағанда, Трамп бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен былтырғы шілдеден бері алғаш рет кездеседі.

 

Сонымен қатар, екікүндік кездесуде протекционизммен күрес, көпжақты еркін әрі ашық сауда ережелерін сақтау, ғалам экономикасының қарқынын арттыру, қорғаныс бюджеті мен халықаралық қауіпсіздік мәселелері талқыланады.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу