Норвегия астанасында өтіп жатқан «Осло форумда» Орталық Азияны дамыту және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия астанасында өтіп жатқан «Осло форумда» Орталық Азияны дамыту және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланып жатыр

19.06.2019

Еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко басқосуда сөз алып, аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік болу үшін-халықаралық қауымдастық Ауғанстанды қалпына келтіруге экономикалық қолдау көрсетуі тиіс-деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, вице-министр Еуропа елдерінің өкілдерін «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу» кодексіне қосылуға шақырды.

Кодекс Қазақстанның ұсынысымен былтыр қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қабылданған болатын. Қарт құрлық елдері «Еуропалық Одақтың Орталық Азияға жаңа стратегиялық бағдарламасы» аясында да ынтымақты күшейтуге сенім артып отыр.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Форумның бағдарламасына 17 жыл дегенде Орталық Азия тақырыбы енгізіліп отыр. Көптеген мәселелермен бірге басқосуда аймақтағы су ресурстарын дамыту және оны тиімді пайдалану жайы талқылануда. Еуропалық Одақ пен Норвегияның суды ұтымды пайдалану мәселесін саяси деңгейде шешуге қатысты тәжірибесі зор. Судың ысырап болуына тосқауыл қойып, керісінше ауылшаруашылығы, тұрмыстық мақсатта пайдалану бойынша еуропалықтармен тәжірибе алмасу өте маңызды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу