Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және арнайы орган басшыларымен жиналыс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және арнайы орган басшыларымен жиналыс өткізді

04.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада құқық қорғау және арнайы орган басшыларымен жиналыс өткізді. Кеңес барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі құқықтық тәртіпті күшейту және де ұйымдасқан қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды. Президент шұғыл әрекет ету мен ведомствоаралық үйлестіру міндеттеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар қазіргі жағдайда азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету және қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғау аса маңызды екенін атап өтіп, қылмыспен күреске бағытталған қосымша шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Хабарламаларға жазылу