Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, былтыр әлемде 71 миллиондай адам үйлерін немесе елдерін тастап кеткен

19.06.2019

Босқындардың саны 20 жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артып отыр. 2018 жылы соғыстан, аштықтан, қуғын-сүргіннен, кедейшіліктен бас сауғалағандардың жартысы – балалар.

Дегенмен, бұл есепке 2015 жылдан бері Венесуэладан шетелге кеткен 4 миллиондай адам алынбаған. Кейінгі кездері Батыс мемлекеттерінде мигранттарға наразылық күшейіп келеді. Алайда, өткен жылы босқындық кебін кигендердің көбі - дамушы елдерден пана тапқан.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу