Бенгал шығанағында қайық аударылып, 12 рохинджа босқыны қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бенгал шығанағында қайық аударылып, 12 рохинджа босқыны қаза тапты

09.10.2017

Бенгал шығанағында босқындар мінген қайық аударылып, 12 адам қаза тапты. Құрбандардың бесеуі - балалар. Қайықта шамамен 35 адам болған. Олардың 8-і аман қалды. Ал, қалғандары іздестіріліп жатыр. Мьянмадан шыққан рохинджалар Бангладешке бара жатқан.

Жалпы, тамыздың 25-нен бері көршілес елден пана таппақ болып, суға батып мерт болған босқындардың саны 155-ке жетті. Ал, Бангладешке 400 мыңнан астам рохинджа мұсылманы барған. Ел үкіметі босқындарға көмек беруге дайын екенін білдіргенімен, оларды Мьянма қайта қабылдауы тиіс деп мәлімдеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу