Сібірде осыдан 40 мың жыл бұрын өлген қасқырдың басы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сібірде осыдан 40 мың жыл бұрын өлген қасқырдың басы табылды

14.06.2019

Мұздың астында жатқандықтан оның жүні, тістері, миы, жақ терісі жақсы сақталған.

Якутия тұрғыны Павел Иеримов оны Артктика шеңбері маңындағы Тиректиях өзенінің жағалауынан тапқан. Содан кейін бас Якутия Ғылым академиясына жіберілді.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бұл қасқырдың 40 мың жыл бұрын тіршілік еткенін анықтауға жапондық және швециялық ғалымдар көмектесті. Зерттеушілердің айтуынша, оның басы қазіргі қасқырлардың басынан үлкендеу.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу