ШҚО-дағы малдың жаппай қырылуының себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы малдың жаппай қырылуының себебі анықталды

13.05.2020

Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында сиырлардың қырылуына пастереллез індеті себеп болған. Сараптама нәтижелері осыны көрсетіп отыр.

Өлген мал басы үшін облыс әкімінің тапсырмасына сай тұрғындарға өтемақы берілді. Яғни, ауыл халқы ірі малға 250 мың, бір жасар сиырға 150 мың және биыл туған төл үшін 50 мың теңгеден алатын болды. 

Еске салайық, сәуір айында аталған елді мекенде 309 бас ірі қара өлген еді. Қазір індеттің таралуы толықтай тоқтаған.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу