Трамп француз шарабына салықты арттырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп француз шарабына салықты арттырады

12.06.2019

АҚШ үкіметі елге импортталатын француз шарабына салықты арттыруы мүмкін. Бұл туралы ел президенті Дональд Трамп жергілікті телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді. Президенттің айтуынша, француздық өнімге белгіленген салық экспортталатын америкалық шарап тарифіне қарағанда өте төмен.

 

Қазіргі уақытта Құрама Штаттарда ішімдіктің әр бөтелкесіне 5-тен 15 пайыз центке дейін салық салынса, Еуропа Одағына мүше елдерде бұл көрсеткіш екі есе жоғары. «Бұл - АҚШ экономикасы үшін тиімсіз», - дейді Трамп. Сонымен қатар, Ақ үйдің қазіргі басшысы неміс автокөліктеріне де баж салығын арттырмақ. Ал, былтыр ол Еуропадан әкелінетін болат пен аллюминийге тарифті көтерген. Бұған наразылық білдірген Брюссель Вашингтонмен сауда келіссөздерін жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу