Трамп алғаш рет үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп алғаш рет үндеу жолдады

31.01.2018

АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет Конгресс алдында халыққа үндеу жолдады. Онда Ақ үй басшысы «Америка үшін жаңа сәт» туғанын айтып, елді экономика өркендеп жатқан тұста оптимист болуға шақырды. Ішкі саясатта ол қоғамды екіге жарған иммиграция мәселесіне, қылмыспен күреске, орта және шағын бизнес үшін салықты қайта қару проблемаларына арнады. Сонымен қатар, Трамп биыл инфрақұрылымды дамытуға 1,5 триллион доллар бөлуге үндемек. Ал, сыртқы істерде Америка президенті Иран мен Солтүстік Кореядан, «ДАИШ»-тан, Ресей мен Қытайдан төнген қауіп жайында айтты. «Олар Құрама Штаттардың мүдделеріне, экономикасына, құндылықтарына қатер төндіріп тұр», - дейді Дональд Трамп.

Үндеу 80 минутқа созылды. «Associated Press» агенттігінің зерттеуіне жүгінсек, 10 америкалықтың үшеуі ғана өткен бір жылда Трамптың ұстанған бағыты дұрыс болды деп есептейді. Ал, 67 пайызы Трамптың кесірінен Америка қоғамының арасына жік түсті деп санайды екен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу