Вашингтон мен Бейжің арасында сауда соғысы күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон мен Бейжің арасында сауда соғысы күшейіп келеді

26.03.2018

Бүгін Қытай премьерінің орынбасары Хань Чжэн ескерткендей, бұл соғыста жеңгендер немесе жеңілгендер болмайды. Оның сөзінше, мұндай тайталастың зардабы ауыр, ықпалы жағымсыз болмақ.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Америкаға Қытайдан келетін 60 миллиард доллардың тауарына салықты көтеретінін мәлдімдеді. Содан кейін, Қытай коммерция министрі Құрама Штаттардан импортталатын өнімдерге де салықтың өсетінін хабарлап, сол тауарлардың тізімін жариялаған.

Джефри Сакс, Колумбия университетінің профессоры, БҰҰ Бас хатшысының кеңесшісі:

- АҚШ экономикасы жалпы алғанда жақсы дамып келеді. Бірақ, онда байлар мен кедейлер арасында алшақтық ұлғайып отыр. Бұл Қытайдың немесе Мексиканың кемшілігі емес. Меніңше, Құрама Штаттар табысты әділ бөлгенде, мұндай жағдайға ұшырамас еді. Ал, өндірісті шетелдің арзан тауарынан қорғап, жұмысшыларға жағамын деу дұрыс саясат емес. Трамп америкалық тауарлардың өтпеуіне әлемді айыптайды. Бұл қате пікір. Вашингтон өзгені кінәламай, ішкі мәселелерін реттеп алуы керек.

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу