Дағыстанда көпір опырылып, 4 машина суға құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағыстанда көпір опырылып, 4 машина суға құлап кетті

06.06.2019

Дағыстанның Бежта ауылында көпір опырылып, 4 машина суға құлап кетті. Оқиға таңғы сағат 07:00-де болды. Болжам бойынша, қолдан жасалған көпір көліктердің салмағына шыдамаған. Ал, олардың иелері бұл уақытта жергілікті мешітте болыпты. Сонымен қатар, мамандар апатқа жасанды жолдың ескіруі де себеп болуы мүмкін екенін айтады. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында машиналарды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу