Италияның Генуя қаласында 43 адамның өмірін қиып кеткен Моранди көпірі құлатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Генуя қаласында 43 адамның өмірін қиып кеткен Моранди көпірі құлатылды

28.06.2019

Ол үшін арнайы жарылғыш заттар қолданылған. Сондықтан, 300 метр радиустағы қауіпті аймақтан 3 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Олар үйлеріне жарылыстан кейінгі шаң-тозаң басылған соң оралады.

Порттық қала мен Францияның оңтүстігін жалғаған көпір 1960 жылдары салынған. Әбден ескірген нысанның бір бөлігі былтыр тамызда опырылып түсіп, 30 шақты машина 50 метр биіктіктен құлап кетті. Қайғылы жағдайдан кейін қала басшылығы бұл көпірді толықтай бұзып, оның орнына жаңасын салу туралы шешім қабылдады. Биліктің айтуынша, ол құрылыс бір жылдың ішінде аяқталуы тиіс.

Хабарламаларға жазылу