Колумбияда көпір құлап, 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда көпір құлап, 2 адам қаза тапты

14.04.2023

Колумбияның батысында көпір опырылып, екі адам қаза тапты. Тағы 15 тұрғын жарақат алған. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Қайтыс болған екі адам - полиция қызметкері. Олар мінген машина өзенге құлаған бетонның астында қалып қойған. Зардап шеккендердің кейбірі алған жарақатына қарамастан көліктерінен қашып үлгерді. Олар көп ұзамай жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Колумбияның Ұлттық инфрақұрылым агенттігінің мәлімдеуінше, қираған көпір 1984 жылы салынған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу