Колумбияда көпір құлап, 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда көпір құлап, 9 адам қаза тапты

16.01.2018

Колумбияның орталығында құрылысы аяқталмаған көпір құлап, кемінде 9 адам қаза тапты. Тағы 8 жұмысшы жараланған. Оқиға Чиратаяра қаласының маңында болған.

Әлі пайдалануға берілмеген көпір ел астанасы Боготаға апаратын жаңа жолдың бір бөлігі еді. Оның неліктен опырылып түскені әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Осы елдің Көлік министрі Герман Гардона «апаттың неден болғанын анықтауда құрылысты жүргізген компания белсенділік танытуы тиіс», - деді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу