Әлем өзендерінде антибиотиктердің мөлшері нормадан 300 есе асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем өзендерінде антибиотиктердің мөлшері нормадан 300 есе асып кеткен

05.06.2019

Мұны Ұлыбританияның Йорк университеті бастаған ғалымдар тобы анықтады. Олар бұл жаңалықты ашу үшін Жер шарының алты континетінде орналасқан 72 елде зерттеу жүргізген. Жалпы, 91 ірі өзеннің суынан сынама алынған. Антибиотиктер, әсіресе, Азияның Бангладеш, Пәкістан, Африканың Кения, Гана, Нигерия тәрізді мемлекеттерінің өзендерінен көп табылып отыр. Сонымен қатар, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка сулары да дәріден айтарлықтай ластанған. Сондықтан бұл проблеманың ғаламдық сипат алғанын мойындауға тура келіп отыр.

Зерттеушілердің айтуынша, антибиотиктердің қоршаған ортада көбеюіне оларды адамдардың жиі пайдалануы мен ауыл шаруашылығында қолдануы себепші. Ал, суда антибиотик көбейсе, адам ағзасының қауіпті микроорганизмдерге қарсы тұру мүмкіндігі азаяды деген қауіп бар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу