Пәкістандағы алапат тасқыннан көз жұмғандар саны 1265-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістандағы алапат тасқыннан көз жұмғандар саны 1265-ке жетті

03.09.2022

 Пәкістанда алапат тасқыннан зардап шеккендер көбейіп келеді. Өткен тәулікте тағы 57 адам қаза тауып, жан тәсілім еткендердің жалпы саны 1265-ке жетті.

Елдің айтарлықтай бөлігін су басуына муссон жаңбырлары мен солтүстіктегі таулар басындағы мұздықтардың еруі себеп.

Мерт болғандардың ішінде 441 бала бар. Сонымен қатар, мыңдаған үй қирап, жолдар мен көпірлер жойылды. Экономикаға келген шығын болса, қазірдің өзінде 10 миллиард доллардан кем емес. Осыған байланысты Исламабадқа қазір әлемдік қауымдастық көмек беріп жатыр. Пәкістанға гуманитарлық жәрдем аттандыруға ниет еткендердің қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және тағы басқа мемлекеттер бар.

Жалпы алғанда бұл ислам республикасында қазір су апатынан халықтың 15 пайызы немесе 33 мииллион адам зардап шегіп отыр. Ал, синоптиктердің дерегінше, Пәкістан аумағына түскен жауынның мөлшері соңғы 30 жылдағы орташа нормадан 190 пайызға асып кеткен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу