Ұлыбританияда тұрғындар батпақта жарысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда тұрғындар батпақта жарысты

14.05.2019

Ұлыбританияның Молдон қаласында батпақта жарыс ұйымдастырылды. Аталған байқауға қатысушылар Блэкуотер өзенін кешіп, мәреге жетуі тиіс. Биыл оған 300-ге жуық адам қатысқан. Балшыққа белшесінен батқан қатысушылардың тартысын тамашалау үшін 30 мыңдай көрермен жиналыпты. Жарыс соңында балаша қуанған сайыскерлер киімдері батпақта қалып қойғанын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.

Айта кетсек, Ұлыбританияда мұндай шара алғаш рет 1973 жылы өткен. Содан бері ол жыл сайын ұйымдастырылып, оған Еуропаның барлық елінен адамдар қатысады екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобадан түскен барлық қаражат қайырымдылық қорына аударылады.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу