Гренландияда круиздік кеме жағалауға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гренландияда круиздік кеме жағалауға жеткізілді

15.09.2023

Гренландия астанасынан 1400 шақырым жерде батпақта тұрып қалған круиздік кеме ақыры жағалауға жеткізілді. Оның бортындағы 206 адам аман-есен.

Лайнерді жағаға сүйреу үшін, балықшылар траулері мен өзге бір зерттеушілер кемесі тартылған.

Саяхатшылардың «Оушэн Эксплорер» атты кемесі қыркүйектің 11-де қиын жағдайға тап болды. Содан бері оны құтқаруға бірнеше рет әрекет жасалған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу