Парижде 10 мыңнан астам адам шеруге шығып, полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде 10 мыңнан астам адам шеруге шығып, полициямен қақтығысты

02.05.2019

Олар ел президенті Эммануэль Макронның саясатына наразылық білдіріп, салықты төмендетуді талап еткен. Ашулы демонстранттардың бір тобы қоқыс жәшіктерін өртеп, ғимараттардың терезелерін сындырды. Сондықтан тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, манифестацияны күшпен таратуға мәжбүр болды. Қақтығыстарды басу үшін 7400-ге жуық полиция жұмылдырылған. Олар 200-дей адамды тұтқындады.  Бұған дейін Макрон билікке қойылған талаптарды ескеріп, салықты азайтуға сөз берген еді. Дегенмен, президенттің уәдесі «Сары кеудешелердің» көңілін көншітпеген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу