Чили астанасы Сантьягода мұғалімдер мен студенттер шеруге шығып, полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чили астанасы Сантьягода мұғалімдер мен студенттер шеруге шығып, полициямен қақтығысты

04.07.2019

Тәртіп сақшылары демонстранттарды тарату үшін су шашатын машина қолданған. Ал, шерушілер оларға тас пен «Молотов коктейлін» лақтырып қарсылық көрсетті. Зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет түскен жоқ.

 

Манифестацияның басталуына үкіметтің білім саласын қаржылық дағдарыстан шығаруға қауқарсыздығы себепші. Ел астанасында оқытушылар жаппай ереуіл жариялағандықтан, білім ордалары жабылып, мыңдаған оқушы каникулға жіберілді. Айта кетсек, Жер шарының оңтүстік бөлігінде қазір қыс болғандықтан, мектептер наурыздың 1-де басталған оқу жылының ортасына енді ғана жетіп отыр.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу