Кирби Ланероли: Аштық - табысқа жету жолы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кирби Ланероли: Аштық - табысқа жету жолы

11.10.2015
Кирби Ланероли: Аштық  -  табысқа жету жолы

Бретариандық – өте қауіпті диетаның түрі. Бұл атау ағылшынның «breath» — «тыныс алу» деген сөзінен шыққан.

Бритариандықтар өмірде тек тыныс алсаң болғаны, ас пен суды ішу міндетті емес, деп есептейді. Сондай жандардың бірі - Шри-Ланка тұрғыны Кирби де Ланероли. Ол жылына тек бірнеше рет қана тамақтанады. Оның өзінде бір тілім нан жеп, бір бокал шарап қана ішеді.

Кирби де Ланероли өмірінде талай жетістікке жеткен. Ол - табысты кәсіпкер, көптеген компанияның басқарушысы. Шри-Ланканың Әлеуметтік қызмет министрінің кеңесшісі. Сондай-ақ, ол бокстан бірнеше мәрте чемпион және мылтықпен атудан жүлдегер атанды. «Астан бас тартқанымның арқасында осы дәрежеге жеттім», дейді ол.

Бүгінде Кирби де Ланероли аштықтың пайдасы туралы дәрістер оқиды. Оның жұбайы Фиона да бритариандыққа бет бұрмақ. 

Хабарламаларға жазылу