Шри-Ланкада шеру күшпен таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада шеру күшпен таратылды

27.02.2023

Шри-Ланканың коммерциялық астанасы Коломбода полицейлер наразылық акциясына шыққан демонстранттарды су және газ шашып таратты. Айта кетсек, бұл аралдық мемлекет қазір соңғы 70 жылдағы ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Осы қиындықтан шығу үшін Шри-Ланка үкіметі былтыр қыркүйекте Халықаралық валюта қорынан 3 миллиард долларға жуық несие алу жөнінде алдын-ала келісімге қол қойды. Алайда, сол қаражатқа төленуі үшін ең алдымен салықты көтеріп, электр бағасын қымбаттату қажет болып отыр. Тұрғындар болса, бұл дағдарыс еңсерілмесе, шеруді әрі қарай жалғастыратынын ескертеді.

Чандатха Иллангасингха, университет оқытушылары қауымдастығының өкілі:

Егер үкімет мәселені шешуге күш салмаса, біз наурыздың 1-де ереуілді жалғастыру мәселесін талқыладық. Университеттер жабылып, электр жарығы мен су беру тоқтатылады. Одан кейін жауап болмаса, шерулер екінші аптаға ұласады. Және де наурызда талай мекеме тоқтап, жалпыұлттық демонстрация басталуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу