Израиль Батыс жағалауды аннексияламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль Батыс жағалауды аннексияламақ

08.04.2019

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сәуірдің 9-ында өтетін сайлауда жеңіске жетсе, оккупацияланған Батыс жағалаудағы қоныстарды аннексиялайтынын жариялады. Бұл туралы ол жергілікті телеарнаға берген сұхбатында айтты. Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауына еврейлерді көшіріп, 120-ға жуық елді мекен салды. Қазір онда шамамен 500 мыңдай израилдік өмір сүріп жатыр.

Алайда, палестиналықтар Израиль басып алған Батыс жағалаумен бірге Шығыс Иерусалимде және Газа секторында өз мемлекетін құрудан үмітті. Сондықтан автономия халқы мен әкімшілігі Нетаньяхудың аннексия туралы мәлімдемесіне үлкен наразылық білдіріп, бұл қадамның аймақта бейбітшілік орнату мүмкіндіктерін жоятынын ескертті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу