Араб елдерінің сыртқы істер министрлері Израиль премьерін айыптады

11.09.2019

Араб лигасы елдерінің сыртқы істер министрлері Израиль премьер-министрін қатаң айыптап, мәлімдеме жасады. Бұған дейін еврей мемлекетінің үкімет басшысы Иордан өзенінің батыс жағалауының бір бөлігін басып алуға уәде берді. Аталған лиганың бас хатшысы Ахмед Әбул Гейт Каирде өткен баспасөз маслихатында ескерткендей, Биньянмин Нетаньяхудың бұл жоспары Израиль-Палестина бейбіт процесін ілгерілетуге бағытталған кез келген мүмкіндікті жояды.

Нетаньяху Иордан жазығын аннексиялау идеясын сейсенбі күні жариялады. Ол мұндай қадамға бір аптадан кейін өтетін парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, бесінші рет билікке келсе бармақ.  

Израиль Батыс жағалауды 1967 жылғы соғысты жаулап алды. Бірақ сол территорияларды палестиналықтар өздерінің болашақ мемлекетінің бір бөлігі етуді жоспарлап отыр. Өйткені онда арабтардың Иерихон қаласы мен 28 ауылы орналасқан. Сонымен қатар, бұл аумақта 65 мың араб пен 11 мың израильдік қоныстанушы өмір сүріп жатыр. 

АҚШ-тың Иерусалимдегі елшісі Давид Фидерманның ойынша, Израиль Батыс жағалауды түгел емес, жартылай ғана ұстауға құқылы.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу