Терминалдағы өрт екі күнге созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терминалдағы өрт екі күнге созылады

19.03.2019

АҚШ-тың Техас штатында жексенбінің таңында тұтанған алапат өрт әлі сөнбеді. Ол Хьюстон кеме жүзетін арнасының бойындағы отын сақтайтын терминалды шарпыған. Резервуарда бензин компоненттерін жасайтын ұшпа зат - нафта сақталған. Ал, қара түтін Хьюстон қаласына тарап, терминал маңындағы екі мектеп уақытша жабылды.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Лапылдаған жалын алдағы екі күн бойы сөнбеуі мүмкін. Одан денсаулыққа төнуі мүмкін қауіпке байланысты тұрғындарға далаға шықпауға кеңес берілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу