Сауда-саттық: Кеденде тексеріс күшейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда-саттық: Кеденде тексеріс күшейген

04.07.2022

Ауыл шаруашылығы тауарларының кеденде ұзақ тұруына Қытайдағы тексеріс себеп. Қазақстан теміржолы компаниясы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы кеден органы әлі күнге дейін вагондар мен контейнерлерге екі рет дезинфекция жүргізетінін хабарлады. Содан кейін тауарды тексеріп, одан сынама алынады.

Қытайдың кеден заңнамасына сәйкес астық және өзге де ауыл шаруашылығы тауарларына тексеріс жүргізу міндет. Оның мерзімі 7-10 күнге дейін созылады. Олар бұл туралы Қазақстанға ескерткен. Дегенмен қытайлық тарап шекарадағы астықтың тұралап қалмауы үшін тиісті шара қабылдайтынын айтқан. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу