Зимбабведе Идай дауылынан 65 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабведе Идай дауылынан 65 адам қаза тапты

18.03.2019

Зимбабведе Идай дауылынан қаза тапқандар саны 65-ке жетті. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. Сондай-ақ, көптеген адамдар із-түзсіз жоғалып кеткен. Сол себепті мамандар қаза тапқандардың саны өсуі мүмкін деп отыр. Күшті циклоннан елдің шығыс бөлігін түгел су тасқыны жайлады. Салдарынан үйлер бұзылып, тұрғындар электр жарығынсыз қалған.

Сондай-ақ, 5 көпір қирап, зардап шеккен аудандарға бару мүмкін болмай отыр. Дегенмен, құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Тропикалық дауыл бұған дейін көршілес Малави мен Мозамбикте болған еді. Ол аталған елдерде жүздеген адамның өмірін қиып кетті.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу