Мадагаскарда тропикалық дауылдан 16 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадагаскарда тропикалық дауылдан 16 адам қаза тапты

28.01.2023

Мадагаскарда тропикалық «Ченесо» дауылынан 16 адам қаза тапты. Тағы 17 тұрғын із- түзсіз жоғалып кеткен. Мұнда нөсер жауын бір аптадан бері дамылсыз жауып тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жеткен. 60 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңдаған баспанаға зақым келген. Әдетте, аралда циклондар маусымы қазан айынан наурызға дейін жалғасады. Жыл сайын осы аралықта/ өңірге ондаған дүлей дауыл соққы береді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу