Испанияда «Глория» дауылынан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда «Глория» дауылынан 5 адам қаза тапты

22.01.2020

Олардың ішінде бір украиналық бар. Циклоннан елдің басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, қалың қар жауды. Сонымен қатар, күшті жел тұрып, кей аудандарды тасқын жайлаған. 

Қолайсыз ауа райына байланысты 120-дан астам мектеп пен бірқатар ірі жолдар жабылып, Аликанте қаласында 200-ге жуық әуе рейсі доғарылды.

Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай жағдай сәрсенбіге дейін жалғасады. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымнан асып, теңіз толқыны 7 метр биіктікке дейін көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Сондықтан елде қазір қызыл түсті қауіп жарияланып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу