Венесуэлада америкалық журналист Коди Веддл қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада америкалық журналист Коди Веддл қамауға алынды

07.03.2019

Елдің қарсы барлау агенттері оның венесуэлалық әріптесі Карлос Камачоны да ұстаған. Жақында Веддл оппозиция лидері Хуан Гуайдоның елге оралғаны туралы хабар таратқан еді. Ол сатқындық жасады деген айыппен өз үйінде ұсталған.

Сонымен бірге, журналистің компьютері мен құрал-жабдықтары да тәркіленді. Венесуэланың Ұлттық баспасөз жұмысшылары одағының мәліметінше, биыл елде 63 журналист қамауға алынған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу