194 мигрант қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

194 мигрант қамауға алынды

27.11.2018

Мексиканың АҚШ-пен шекарадағы Тихуана қаласында соңғы 15 күнде 194 орталықамерикалық мигрант қамалды. Ал, жексенбіде Құрама Штаттарға өтпек болған 500 босқынды өз елдеріне депортациялау процесі жүріп жатыр. Оларды тоқтату үшін әскерилер газ қаруын қолданған. АҚШ-тан пана тапқысы келетін бұл жандар - Гондурас, Гватемала және Сальвадордан қашқандар. Өз елдеріндегі кедейшілік пен коррупциядан, зорлық-зомбылық пен қақтығыстардан әбден қажыған адамдар Құрама Штаттардан жұмыс тауып, жаңа өмір бастаудан үмітті. Діттеген жерлеріне жету үшін мигранттардың көбі 4 мың шақырым жолды жүріп өткен. Қазір мұнда шамамен 7 мыңдай шетелдік жиналған. АҚШ үкіметі олардың әрқайсысының ісін жеке қарастырғаннан кейін, пана беру мәселесін шешетінін мәлімдеп отыр. Ал, бұған бірнеше ай кетуі мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕНГЕНҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу