«Ниссанның» басшысы бостандыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ниссанның» басшысы бостандыққа шықты

06.03.2019

«Ниссан» және «Рено» компанияларының бұрынғы басшысы Карлос Гон қамаудан шықты. Ол бостандыққа шығу үшін 9 миллион доллар кепіл ақша төлеген. Бұған қоса, Гон үйіне бейнебақылау камераларын орнатуға рұқсат берді. Жаһандық автомобиль индустриясының 64 жастағы бұрынғы алыбы 3,5 ай бойы түрмеде отырды. Карлос Гонға былтыр «Ниссан» компаниясы қаражаты есебінен байып, өз кірісін нақты мәнінен азайтып көрсетті деген кінә тағылды. Айыпталушының өзі мұны жоққа шығарып, біреулер өзіне қарсы астыртын әрекетке барғанын мәлімдеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу