Аягөз қаласының экс-әкімі бостандыққа шықты
Аягөз қаласының экс-әкімі Қуаныш Азыханов 5 ай қамаудан кейін босатылды. Сот оның арызын қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасын айыппұлмен өтеуге ауыстырған. Оның көлемі 241 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 702 мың теңге. Қала әкімі болған Қуаныш Азыхановқа «1 миллион 200 мың теңге көлемінде пара алды»-деген айып тағылған болатын. Тергеу мен сот 9 айға дейін жалғасқан еді. Нәтижесінде 4 жыл 5 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген еді. Алайда Семей қаласының соты оның денсаулығына байланысты және қамауда болған кездегі тәртібін ескеріп босату туралы шешім шығарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04