Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды

25.10.2021

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 10 мемлекеттің елшісін елден шығаруды бұйырды. Мемлекет басшысы дипломаттарды «персона нон грата» деп жариялаған. Яғни Ердоған оларды Вена конвенциясын бұзып, елдің ішкі ісіне араласты деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Германия, Дания, Канада және тағы 7 мемлекеттің елшісі құқық қорғаушы Осман Каваланы бостандыққа шығаруға үндеген еді.

Кавала - Түркиядағы аз ұлттарды қолдауға арнап құрылған мәдени қордың басшысы. 2013 жылы ол Ыстанбұлдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп айыпталған еді. Өткен жылы ақталып шықты. Алайда 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысу ісі бойынша қайта қамалды.

Арай Төлегенқызы


Ердоған елші персона нон грата

Хабарламаларға жазылу