Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың Ұлттық архивте жеке қоры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың Ұлттық архивте жеке қоры ашылды

16.04.2018

Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың Ұлттық архивте жеке қоры ашылды. Енді батырдың құжаттары мен медальдары және жеке фотосуреттері мемлекеттік сақтауда болады. Салтанатты ашылу салтанатына депутаттар, ғарышкерлер мен Ауған соғысындағы майдандастары қатысты. Бақытжан Ертаев - өр тұлғалы, қайсар рухты, батыр болмысты азамат. Оның ауған жеріндегі жауынгерлік ерлігі мен Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі жас ұрпаққа нағыз үлгі.  

Бақытжан Ертаев, ҚР Халық қаһарманы:

- Құрмет грамотасы болсын, кітаптар болсын, ол өз өмірімнің бір парағы шығар. Әрине, қимайсың. Бірақ, мұны не үшін сақтау керек, бұл батырлықты не үшін істедік?! Отанымыз үшін, болашақ үшін. Сол себепті, өзімнің басқан ізім, осы өмірдің парағы болашаққа қалсын деп архивке өткізіп отырмын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу