В.Путин АҚШ-қа ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Путин АҚШ-қа ескерту жасады

21.02.2019

АҚШ Еуропаға өзінің орта қашықтыққа арналған ядролық ракеталарын орнатса, оларды Ресей нысанаға алады. Мұны президент Владимир Путин парламентке жолдаған үндеуінде ескертті. Дегенмен, Кремль басшысының сөзінше, оның елі ешкіммен тайталас іздеп отырған жоқ.

Айта кетсек, бұған дейін Америка Құрама Штаттары 1987 жылы Кеңес одағымен жасалған Ядролық күштер туралы келісімнен шығатынын мәлімдеді. Өйткені Вашингтонға сенсек, Мәскеу ол пәтуаның шарттарын орындамай, ядролық-зымырандық арсеналын дамытып жатыр. Алайда, Кремль ол келісімді Ресей бұзды деген мәліметтерді үнемі жоққа шығарып, АҚШ-тың өзін Румыния мен Польшада ракета ұшыратын жүйелерін жетілдіріп жатыр деп айыптап отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу