Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көсемі Ким Чен Ын Вьетнам астанасы Ханойда кездесті. Ол жақта қазір ядролық қарусыздандыру жөніндегі екінші саммит өтіп жатыр. «Метрополь» қонақүйінде Ким және Трамп қол алысып, өз мемлекеттері туының қасында суретке түсті. Содан кейін олар бетпе-бет әңгімелесіп, кешкі ас барысында кеңейтілген құрамда талқылауларды жалғастырады. Солтүстік Корея көсемі саммиттің сәтті өтетіндігіне сенім білдірді. Ал, АҚШ президенті Корея түбегін ядролық қарудан тазарту туралы талабынан бас тартпайтынын атап өтті. Келіссөздердің негізгі бөлігі ертеңге жоспарланып отыр.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.