Бүгін Ханойда ІІ Трамп-Ким саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ханойда ІІ Трамп-Ким саммиті өтеді

27.02.2019

Сол кездесу қарсаңында АҚШ президенті Вьетнам компартиясы орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен жүздесті. Олардың қандай мәселені талқылағаны белгісіз. Ақ үй басшысы бұл мемлекетке сейсенбі күні жетті. Ол Солтүстік Корея лидерімен «Metropole» қонақүйінде жүздеседі. Ким Чен Ын пойызбен Вьетнамның Донг-Данг станциясына кеше жетті.

Соңғы мәліметке қарағанда, Трамп-Ким саммиті бүгін жергілікті уақытпен кешкі сағат 18:40-та басталады. Келіссөздер 20 минутқа созылады. Оның негізгі тақырыбы Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтату шаралары жайында.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу