Трамп пен Кимнің образы сомдалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп пен Кимнің образы сомдалды

22.02.2019

Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ пен Солтүстік Корея президенттеріне ұқсайтын екі адам алдағы саммитті бейнеледі. Рассел Уайт және Говард Икс есімді азаматтар сәйкес костюм киіп, Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның образын дәл сомдаған. Олар Метрополь қонақүйінің алдында қол алысып, келіссөздердің жақсы өтетініне сенім білдірді. Мұндай әзіл халықтың көңілін бір серпілтіп тастады.

Ал, нағыз Трамп пен Кимнің кездесуі Ханойда ақпанның 27-28-і күндері өтеді. Айта кетсек, олардың алғашқы саммиті 2018 жылы маусымда Сингапурда ұйымдастырылып, сол кезде екі лидер Корея түбегін ядролық қарудан толық тазарту бағытында жұмыс істеуге уәде берген еді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу