Біріккен Араб Әмірліктері тұңғыш рет ғарышқа астронавт жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Араб Әмірліктері тұңғыш рет ғарышқа астронавт жібермек

27.02.2019

Миссия биыл қыркүйектің 25-інде жүзеге асырылады. Мұнайға бай ел Марсты зерттеу бағдарламасы үшін 4 мыңнан астам өтініш беруші ішінен 2 үміткерді таңдап алған. Олар 200 күн бойы Ресейде жаттығып, кейін екеуінің бірі ғарышты зерттеуге жіберіледі.

Араб ғарышкері «Союз» кемесі бортында ресейлік ғарышкерлермен бірге ұшып, халықаралық ғарыш станциясында 8 күн өткізеді. Осы миссия барысында астронавттар түрлі ғылыми зерттеулер және тәжірибелер жүргізуден үмітті.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу