Мемлекет басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

30.10.2014
Мемлекет басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайянмен кездесті.

Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян өңірлік және күн тәртібінің халықаралық өзекті тұстарын талқылады.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің даму қарқыны жоғары екеніне назар аудара отырып, елдеріміздің арасындағы өзара іс-қимыл соңғы жылдары барлық негізгі бағыт бойынша нығайғанын атап өтті.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу