Ким Чен Ынды сомдаған пародист Вьетнамнан депортацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ынды сомдаған пародист Вьетнамнан депортацияланды

25.02.2019

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары образындағы екі адам саммит қарсаңында әзіл кездесу өткізген еді. Осыдан кейін Говард Икс есімді австралиялық әртістің айтуынша, тергеу жүргізілген. Оған елден кету туралы талап қойылыпты. Ал, Трамптың рөлін сомдаған Рассел Уайтке Вьетнамда қалуға рұқсат беріліп отыр. Алайда, оған көпшілік алдында шығып сөйлеуге тыйым салынды.

Нағыз Трамп пен Кимнің кездесуі Ханойда ақпанның 27-28-і күндері өтеді. Бұл саммитте Корей түбегін ядролық қарудан толық тазарту туралы мәселе талқыланады деп жоспарланып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу