«Оскар» жүлдесінің иегерлері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оскар» жүлдесінің иегерлері белгілі болды

25.02.2019

Кинематография академиясының шешімімен ең үздік актер атағы Рами Малекке берілді. Ол «Богема рапсодиясы» фильмінде аты аңызға айналған әнші Фредди Меркьюридің рөлін сомдаған. Ал, «Сүйікті» тарихи картинасындағы рөлі үшін британиялық Оливия Колман үздік актриса, америкалық «Жасыл кітап» комедиялық биографиялық драмасы үздік фильм атанды.

Қысқаметражды фильмдер санатында жеңіс Канадада тұрып жатқан қытайлық әйел туралы «Бао» мультфильміне бұйырса, ең үздік анимациялық фильм ретінде америкалық «Өрмекші адам: ғаламдарға ену» картинасы танылды. Бұған дейін мексикалық «Рома» фильмінің шет тілдегі ең үздік кинотуынды атанғанын хабарлаған едік.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу