Эстонияда оңшылдар шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстонияда оңшылдар шеруге шықты

25.02.2019

Олар қолдарына шырақ ұстап шыққан.  Ұлтшыл «Консервативтік халық партиясының» 5 мыңдай жақтасы осындай акциямен тәуелсіздік күнін атап өткен. Елде парламенттік сайлауға бір апта қалды. Яғни, бұл шеруді партияның үгіт-насихат науқанының бір бөлігі деуге болады. Әлеуметтік сауалнамаларға сай, ұлтшылдар биліктегі Орталық партия мен оппозициялық Реформалар партиясынан кейінгі үшінші орында тұр.

Олардың өздерінің сайлау бағдарламасында отбасы мен дәстүрлі құндылықтарды әспеттеп, жаппай миграцияға қарсылық білдіріп отыр. Қазір эстониялықтар жалпыұлттық сайлауда дауыс беріп жатыр. Сайлау ақпанның 27-де аяқталады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу