Албанияда мыңдаған адам үкіметтің жұмысын тоқтатуды талап етіп, шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албанияда мыңдаған адам үкіметтің жұмысын тоқтатуды талап етіп, шеруге шықты

22.02.2019

Демонстранттар парламент ғимараты алдына жиналған. Осыған орай депутаттардың сессиясы кейінге қалдырылды. Митинг бейбіт түрде өтіп жатқанымен, кейбір қатысушылар полиция қызметкерлеріне түтіндейтін граната лақтырған. Акцияға оппозициялық «Демократиялық партия» жетекшілік етті. Шерушілер премьер-министр Эди Раманың социалистік үкіметін жемқор және сайлауда жеңу үшін халықтың дауысын ұрлады деп айыптап отыр.

Ал, үкімет басшысы демократтарды елдің Еуропа Одағына кіруіне қажетті реформаларды жүргізуге және коррупциямен күрес бастауға кедергі келтіріп отыр деп кінәлады. Еуропа Одағы мен АҚШ болса, Албания үкіметі мен оппозициясын зорлық-зомбылыққа жол бермеуге үндеді.

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу