Құрбандар саны 78-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбандар саны 78-ге жетті

21.02.2019

Бангладеш астанасының тарихи орталығында болған өрт құрбандарының саны 78-ге жетті. Ондаған адам ауруханада жатыр. Жалын сәрсенбінің түнінде Дакканың Чавкбазар ауданындағы төртқабатты үйде басталып, қасындағы 3 ғимаратты да шарпыған. Өрт басталғанда адамдар шырт ұйқыда жатқан екен.

Тілсіз жау осы үйлердің тұрғындарымен бірге сол маңдағы дәмханалардың меймандарының да өмірін қиды. Олардың арасында некелерін жаңа қиған жас жұп та болуы мүмкін. Әзірге, өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Дегенмен, газ баллондарының жарылуы жағдайды тіпті ушықтырып жіберген.

Бұған қоса, алғаш болып өртке оранған ғимараттың бірінші қабатында жанғыш материалдар сақтайтын қойма орналасқан екен. Соңғы деректерге сүйенсек, құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу