Дакка базарындағы өрттен қаза тапқандар саны 70-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дакка базарындағы өрттен қаза тапқандар саны 70-ке жетті

21.02.2019

Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 50 шақты адам жараланып, ауруханаға жеткізілген.

Қаланың көне ауданындағы Чавк базарының тез тұтанатын материалдар қоймасы түгел жанып кеткен. Алапат жалынды тоқтату үшін 200-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір олар құлап қалған ғимарат астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Ал, өрттің неден басталғаны әзірге белгісіз.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу